Отандық ғалымдар мұздатпайтын әйнекжуғыш дайындап шығарды
Ғалымдардың жаңалығы автохимия саласына серпін бермек
Қазақстандық ғалымдар автокөліктің алдыңғы терезесін жууға арналған, қыста мұз қатып қалмайтын сұйықтық дайындап шығарды. Ғылым қоры осындай ақжолтай жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Отандық ғалымдардың мұндай жетістігі қолданбалы ғылымдағы табысқа саналып отыр. Себебі елімізде бұған дейін бұл өнім айналымға шыққан емес. Мамандардың айтуына қарағанда, этиленгликоль мен су қоспасы негізгі сұйықтық ретінде жүреді. Ал нанофидті алу үшін нанобөлшектер ретінде силикагель таңдалады.
Жұмыс барысында силикагель қоспаларының базалық сұйықтықтың қату температурасына әсерін бағалау жүргізілді және этиленгликоль/су базалық сұйықтығына силикагель нанобөлшектерінің шамалы қоспалары олардағы спирт құрамын тиісінше -20 °С, -30°С және -40°С қату температуралары үшін 3,6%, 4,05% және 4,55% төмендетуге мүмкіндік беретіні анықталды, – деп Ғылым қорында.
Ғылым қорының мәліметіне бойынша, нарыққа жаңаден енетін әйнек тазалағыш сұйықтықтық құрамында қауіпті метан және изопропил спирт қоспалары жоқ. Сондықтан ол аллергияны қоздырмайды, жағымсыз иіс шығармайды. Тұтынушылардың денсаулығына зияны болмайтыны дәлелденген.
Енді оны өндіріске енгізуге келгенде, инновациялық сұйықтықты сериялы түрде өндіру мақсатымен жыл сайын 135 тонна немесе 45 мың данасын шығарылып отырмақ. Бұл еліміздің бір қаласының сұранысын толығымен жаба алады. Басты ерекшелдігі, аталған өнім көптеген баламалы түрінен асып түседі. Яғни, отандық ғалымдардың бұл өнімі шетелдік өнімдердің орнын алмастыра алады.
Жоба Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым қорының қолдауымен, ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру аясында іске асырылып жатыр.Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 12-сәуірде Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде ғылымның әлеуетін техногендік және табиғи апаттарды болжау, климаттың өзгеруіне қарсы күресу үшін барынша пайдалану маңызды екенін айтқан еді.
Ғылымды мемлекет дамуының өзекті мәселелерінен бөле-жара қарастыруға болмайды. Оны ел мен қоғам игілігі үшін тиімді пайдалану қажет. Ғылым дерексіз, яғни абстрактілі емес, нақты қолданбалы, күнделікті өмірде пайдасы мол сала болуға тиіс. Ғылыми негізсіз жасалған шаруаның салдары ауыр болуы мүмкін. Мұны өмірдің өзі дәлелдеп отыр, – деген болатын мемлекет басшысы өз сөзінде.