Halyq Uni логотип
×

«Сабыр тілеймін». Президент Жапония премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Фумио Кишида саммитке қатыса алмағанына өкініш білдірді

 Динара Амантай 09.08.2024 | 16:22
«Сабыр тілеймін». Президент Жапония премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Фото: akorda.kz

Қазақстан президенті Жапония премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда болған жер сілкінісіне байланысты жапон халқына сабыр тілеп, табиғат апатының салдары ауыр болмайды деп үміттенетінін айтты.

Өз кезегінде Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапарын, соның ішінде «Орталық Азия+Жапония» диалогының бірінші саммитіне қатысуын амалсыздан кейінге шегергенін өкінішпен жеткізді.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фумио Кишида қазақ-жапон қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылап, өңіраралық ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама