Әуе компаниясы өз міндетін орындамаған
Жолаушыларды қонақ үйге орналастырмағаны үшін FlyArystan жауапқа тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Алматы – Астана бағыты бойынша әуе рейсі кешіктірілген. Осыдан кейін әуе компаниясы өзіне тиісті міндеттерді орындамаған: жолаушыларды қонақ үйге орналастырылмаған әрі оларды әуежайдан қонақ үйге дейін және кері трансфер ұйымдастырмаған.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 567-бабы 2-бөлігі бойынша FlyArystan әуекомпаниясының үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, 3 млн 692 мың теңге (1 мың АЕК, 1 АЕК – 3 692 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды, - деп жазылған комитет таратқан хабарламада.
Еске сала кетсек, бұғаан дейін «FlyArystan» әуе компаниясы 12 жастағы қызды рейске жібермегені үшін жауапқа тартылатынын хабарлаған болатынбыз.