FlyArystan 12 жастағы қызды рейске жібермегені үшін жауапқа тартылады
Азаматтық авиация комитеті әуе компаниясына тексеру жүргізеді
«FlyArystan» әуе компаниясы 12 жастағы қызды рейске жібермегені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бұл өрескел жағдай. Жолаушылардың құқығы әрқашан мүлтіксіз сақталуы керек. Азаматтық авиация комитеті, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-мен бірлесе «FlyArystan» авиакомпаниясына қатысты жан-жақты тексеру жүргізеді, – делінген Азаматтық авиация хабарламасында.
Мәлімдемеге сәйкес, кінәлі қызметкерлер жауапқа тартылады.
Айта кетсек, қазақстандық Жазира Мусина 20 шілдеде оның егіз қызы Америкадан елге оралғанын жазды. Олар басқа балалармен бірге сенімхат берілген адамның қарауымен Астана арқылы Оралға ұшуға тиіс болған. Айтуынша, «FlyArystan» әуе компаниясының қызметкерлері егіздердің тек бір сыңарын тіркеп, екіншісін тіркемеген. Балаға жауапты адамға техникалық себептерге байланысты қызды кейін тіркейтінін, бортқа өздері отырғызатынын айтып сендірген. Алайда, 12 жастағы қыз Астана әуежайында жалғыз өзі ересектердің қарауынсыз қалып кеткен.