×

Air Astana рейстердің кешігетінін ескертті

Бұршақтың салдарынан 4 ұшақ зақымдалған

 Динара Амантай 09.08.2024 | 12:06
Фото: Halyq Uni

Air Astana әуекомпаниясы әуе рейстерінің кешігуі мүмкін екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Компания кешігудің себебі ретінде кеше Астанада болған дауыл мен бұршақты атады.

Қазір әуекомпания бұршақтың салдарынан 4 ұшақтың зақымдалғанын анықтады. Инженерлер қажетті тексеру және жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол бірнеше күннен кейін аяқталады, – делінген компания хабарламасында.

Жолаушылардан әуежайға бармас бұрын рейс статусын әуекомпания сайтында тексеру сұралады.

Еске сала кетсек, кеше Астанада жаңбыр аралас бұршақ жауып, салдарынан егде жастағы әйел мен бала медициналық көмекке жүгінгенін хабарлаған болатынбыз. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама