Еліміздің басым бөлігінде қатты жел соғып, жаңбыр жауады
10-12 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлады Halyq Uni.
«Қазгидромет» мәліметінше, 10-12 тамыз аралығында еліміздің басым бөлігінде ауа-райы тұрақсыз болады. Найзағай ойнап, қатты жел соғып, жаңбыр, бұршақ жауады.
10 тамызда орталықта, 10, 12 тамызда солтүстік-батыста, 10-11 тамызда шығыста, 11 тамызда оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Республика бойынша жел күшейеді, - деп жазылған хабарламада.
Еліміздің батысында күндіз ауа температурасы +20+30 градусқа дейін, солтүстік-батысында +15+28 градусқа дейін, солтүстікте +15+25 градусқа дейін, шығыста және орталықта +17+28 градусқа дейін біртіндеп төмендейді.
Оңтүстік-шығыста күндіз +35 + 38 градус қатты ыстық сақталады, оңтүстікте ауа температурасы +30+37 градусқа дейін көтеріледі.