Ақтөбеде жұмысшыға найзағай түсті

Дәурен Ерболат

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Фото: Halyq Uni

Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытында 36 жастағы жұмысшыға найзағай түсіп, қайтыс болды, деп хабарлады Halyq Uni.

Облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың мәліметінше, жұмысшы вагонға металл сынықтарын тиеп жүрген. Осы сәтте оның үстіне найзайғай түскен.

Ол оқиға орнында қайтыс болды. Сараптама барысында оқиғаның мән-жайы толық анықталады. 1988 жылғы экскаватор машинисі «Металлург» компаниясында жұмыс істеген. Оның 16 жыл еңбек өтілі бар, - деп жазылған хабарламада.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, жұмысшылар жедел жәрдемді шақырған.

Ер адам жедел жәрдем қызметі жеткенше көз жұмды, - деп жазылған хабарламада.