Жапония премьер-министрі Қазақстанға келмейді
Үкімет басшысының Өзбекстан мен Моңғолияға да сапары жоспарланған
Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға келмейтін болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ақпаратты Қазақстанның Сыртқы істер министрі растады.
Жапония елшілігінің хабарлауынша, елдегі жер сілкінісіне байланысты премьер-министр Фумио Кишиданың Қазақстанға ресми сапарын өткізуден бас тарту туралы шешім қабылданды.
Бұған дейін NTV телеарнасы Жапонияда жер сілкіну қаупіне байланысты премьер-министр Фумио Кишида Қазақстанға келмеуі мүмкін екенін хабарлаған.
Бұл туралы көптеген мемлекеттік қызметкер хабарлады. 9 тамызда премьер-министр Фумио Кишида Қазақстан, Өзбекстан және Моңғолияға сапары жоспарланған. Алайда осы күні Жапонияда жер сілкіну қаупінің туындауына байланысты ресми сапарды тоқтатуға тура келді, - деп жазылған жапон телеарнасы таратқан хабарламада.
Айта кетейік, кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Жапония премьер-министрі келетіні хабарланған еді.