Halyq Uni логотип
×

Астанада жаңбыр аралас жауған бұршақтан екі адам зардап шекті

Қазір жедел жәрдем бригадасы зардап шеккендерді тексеріп жатыр

 Халық үні 08.08.2024 | 22:30
Астанада жаңбыр аралас жауған бұршақтан екі адам зардап шекті
Фото: tengrinews.kz

Астанада жаңбыр аралас жауған бұршақтан кейін егде жастағы әйел мен бала медициналық көмекке жүгінді. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Сағат 19:42-де ауа райының қолайсыздығынан (ірі бұршақ) жедел жәрдем қызметіне екі адам: 52 жастағы әйел мен алты жасар бала хабарласты, - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

Қазір жедел жәрдем бригадасы зардап шеккендерді тексеріп жатыр. Департаменттің мәліметінше, қалалық ауруханалардың реанимация бөліміне түскендер жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама