Мемлекеттік аудит: Ұлттық аккредиттеу орталығына айыппұл салынды
Монополист дербес белгіленген бағамен қызмет көрсеткен
Мемлекеттік аудиттен кейін Сауда және интеграция министрлігіне қарасты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ұлттық аккредиттеу орталығы сәйкестікті бағалау саласында монополист бола отырып, мемлекеттік орган бекіткен бағамен емес, дербес белгіленген бағалар бойынша бірқатар қызмет көрсеткен. Осыған байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне ҚР монополияға қарсы заңнамасының сақталуын бақылауды іске асыру тапсырылды.
Агенттік Ұлттық аккредиттеу орталығында бақылау іс-шараларын өткізіп, Кәсіпкерлік кодекс талаптарының бұзылғанын растады. Нәтижесінде Ұлттық аккредиттеу орталығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген Жоғарғы аудиторлық палата хабарламасында.
Салынған айыппұл белгіленген мерзімде ерікті түрде төленді.