Аса ірі көлемде мефедрон сатумен айналысқан күдікті Армениядан экстрадицияланды
Қазір ол Ақтау қаласындағы тергеу изоляторына қамалды
Бүгін аса iрi мөлшерде психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін халықаралық іздеу жарияланған Қазақстан азаматы Армениядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бас прокуратураның мәліметінше, бұған дейін қостанайлық полицейлер альфа-ПВП психотроптық затының және мефедронның заңсыз айналымына қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні әшкерелеген болатын. Алайда ол тергеуден жасырынғандықтан, оған халықаралық іздеу жарияланған.
Өткен жылдың қыркүйегінде күдікті Ереванда ұсталып, одан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір күдікті Ақтау қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.
Ол 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.