Ильхам Әлиев Астанаға келді
Әзербайжан президентін Олжас Бектенов күтіп алды
Ильхам Әлиев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Әзербайжан президентін Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов елорда әуежайында күтіп алды.
Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы екіжақты қатынастар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша дамып келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 14,3%-ға артып, 529,4 млн долларға жетті Биылғы қаңтар-маусымда 280,6 млн доллар болды.
Анықтама үшін, аймақтық ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтуге бағытталған Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулері 2018 жылдан бері өткізіліп келеді. Соңғы бес жылда (2018-2023 жылдар) өзара сауда көлемі 5,7 млрд доллардан 11 млрд долларға дейін өсті. Қазақстанның ОА елдерімен сауда-саттық көлемі өткен жылы 26,8%-ға өсіп, 8 млрд долларға жетті.