Қарағандыда пара беруге итермелеген салық қызметкері сотталды
Антикор оны ақша алып жатқан жерінен ұстаған
Қарағандыда пара беруге көндіріп, жәбірленушінің ақшасын алаяқтық жолмен иеленбек болған салық қызметкеріне сот үкімі шықты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Сотта анықталғандай, айыпталушы Қазыбек би аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы бөлімінің бас маманы бола отырып, әкімшілік іс бойынша сотта оң шешім шығаруға жәрдемдесуге уәде беріп, жәбірленушіні пара беруге көндірген. Ол жәбірленушіден 6 млн теңге алған. Сол аралықта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері оны ұстаған. Осының салдарынан ол қылмыстық әрекетін соңына дейін жеткізе алмады.
Оның кінәсі жәбірленушінің,куәгерлердің айғақтарымен және жасырын тергеу әрекеттерінің бейнежазбаларымен расталды.
ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес Д.-ны мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан ауыру жазасы тағайындалды, – делінген сот хабарламасында.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.