Қазақстандық шенеунік Парижде қайтыс болды

Динара Амантай

Қазір онда Олимпиада ойындары өтіп жатыр

Фото: gov.kz

Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин Парижде қайтыс болды. Ведомство баспасөз қызметі ақпаратты растады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Хайруллин Ерден Рашидұлының кенеттен өмірден озуына байланысты отбасы мен туған, туыстарына қайғыра көңіл айтамыз, – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері оның қазасының нақты себебін атамады, алайда БАҚ-та шенеуніктің жүрек талмасынан көз жұмғаны туралы ақпарат тарады.

Марқұм аталған қызметке 2022 жылдың мамырында тағайындалған болатын.

Айта кетсек, қазір Франция астанасы Париж қаласында Олимпиада ойындары өтіп жатыр.