×

Елдос Сметов әлемнің үздік 5 балуанының қатарына енді

Дүниежүзілік рейтинг жарияланды

 Қымбат Елтайқызы 08.08.2024 | 13:10
фото: Сали Сабиров

Қазақстандық дзюдошы, Париж Олимпиадасының алтын медаль иегері Елдос Сметов Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) әлемдік рейтингісінде ТОП-5-ке кірді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Осыған дейін ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша 22-орында болса, жаңартылған рейтингіде бірден 17 сатыға жоғары көтерілді, деп мәлімдеді Sports.kz.

Рейтингіде Тайбэйлік Ян Юнвэй көш бастаса, Париждегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, франциялық Лука Мхеидзе екінші, грузиялық Георгий Сардалашвили үшінші, испаниялық Франсиско Гарригос төртінші орында. Ал Елдос Сметов бесінші орында тұрақтады, – делінген ақпаратта.

Айта кетсек, Елдос Сметов Олимпиада ойындарында алғашқы бестікке кірген Ян Юнвейді ширек финалда, Франсиско Гарригосты жартылай финалда, Лука Мхеидзені соңғы бәсекеде тізе бүктірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама