КСРО төлқұжатымен жүрген қызылордалыққа жеке куәлік берілді (ВИДЕО)

Дәурен Ерболат

Ол тәртіп сақшыларынан көмек сұраған

Скрин видео

Қызылорда облысында полиция КСРО төлқұжатымен жүрген тұрғынға жеке куәлік берді, деп хабарлады Halyq Uni Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазалы ауданында полицияға КСРО-ның 1974 жылғы төлқұжатымен жүрген ер адамнан өтініш түсті. Осыдан соң полицейлер тұрғыннан тиісті құжаттар алған. Нәтижесінде оған жаңа жеке куәлік берілді.

Ер адам Қазалы ауданы полиция бөлімі көші-қон қызметіне алғыс айтты.