×

Ең төмен бағалар қолданылатын тауарлар тізбесі толықтырылды

Қаулы жобасы ВАК отырысының хаттамасына сәйкес әзірленді

 Динара Амантай 08.08.2024 | 11:23
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесіне өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жоба Сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2024 жылдың 10 маусымындағы №106 хаттамасына сәйкес әзірленді.

Құжат ЕАЭО елдерінен әкелінетін жекелеген тауар түрлерінің құнын айқындау туралы ҚР Салық Кодесінің 444-бабын іске асыру мақсатында жасалды.

Тізбеге келесі тауарларды қосу көзделген:

  • қолдың жұмыртқасы (құжатта – үй тауықтарының жұмыртқасы);
  • жұмсақ бидайдан және спельтадан алынған бидай ұны;
  • қатты және тағы басқа бидай;
  • күнбағыс майы;
  • ашытқы.

Сауда және интеграция министрлігі әзірлеген қаулы жобасы ашық НҚА сайтында 21 тамызға дейін қоғамдық талқылау үшін орналастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама