Ертең Тоқаевтың шақыруымен Жапония премьер-министрі келеді

Динара Амантай

Астанада саммит өтеді

Фото: Тору Ханаи - Pool/Getty Images

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 тамыз күндері Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

9 тамызда Астана қаласында «Орталық Азия+Жапония» диалогының бірінші саммиті өтеді, – делінген Ақорда хабарламасында.

10 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фумио Кишида екіжақты келіссөздер жүргізеді деп жоспарланып отыр.