×

Париж-2024: он боксшымыздың ішінен Нұрбек Оралбай ғана күміс жүлде алды

Ал әйелдер арасынан жалғыз 50 келі салмақтағы Назым Қызайбай ел үмітін ақтады

 Халық үні 08.08.2024 | 07:28
фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 80 келі салмақта ел намысын қорғаған боксшы Нұрбек Оралбай финалда украиналық қарсыласы Александр Хижняктан ұтылып, күміс медальді қанағат тұтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Аса тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен Хижняк жеңімпаз деп танылды.

Еске сала кетсек, Париж Олимпиадасына бас бапкер Мырзағали Айтжанов ерлер арасынан 7 боксшы алып барған болатын. Өкінішке қарай, оның алтауы жарысты ерте аяқтады.

Ал әйелдер боксынан лицензия жеңіп алған 3 боксшының екеуі алғашқы жекпе-жегінде жарыс жолын аяқтаса, олардың арасынан 50 келі салмақтағы Назым Қызайбай ғана ел үмітін ақтады. Ол ел қоржынына Олимпиада ойындарының қола жүлдесін салған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама