×

«Ол – әйел адам»: атышулы Иман Хелиф финалға шықты

Ол жартылай финалда таиландтық Джанжай Суваннафенгті 5-0 есебімен жеңді

 Халық үні 07.08.2024 | 23:55
фото: Instagram/Imane_khelif_10

Париж Олимпиадасында Алжирден келген Иман Хелиф бокстан 66 келі салмақтағы әйелдер арасынан финалға шықты, деп хабарлайды Halyq Uni Олимпиаданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Жартылай финалда Хелиф таиландтық Джанжай Суваннафенгті 5-0 есебімен жеңді.

Ол – әйел адам. Соған қарамай, өте мықты. Мен шапшаңдығымды пайдаланып, жеңіп кетпек болдым. Бірақ ол өте мықты қарсылас болды, – деді Суваннафенг.

Хелифтің финалға шығар жолы оңай болған жоқ. 1/8 финалда итальяндық Анджела Карини рингте жылап, шайқасты жалғастырудан бас тартты. Төртінші финалда алжирлік спортшы венгриялық Анна Луцу Хамориді де 5-0 есебімен жеңген болатын.

Бірақ рингтен тыс жерде Хелифке гендерлік мәскеле дауы бүкіл әлемнің назарын аударды. 2023 жылы Халықаралық бокс федерациясы (IBA) Хелиф пен Тайваньнан Линь Юйтинді Үндістандағы әлем чемпионатында гендерлік тест нәтижесіне байланысты дисквалификациялаған болатын. Бұл тестте оның ер адамның бойында болатын тестестерондары көп екені анықталған еді. Ал 2024 жылы Халықаралық Олимпиада комитеті оған әйелдер арасындағы жарыстарға қатысуға рұқсат берді.

Еске сала кетсек, боксшының әкесі оның бала күнгі суреттері мен туу туралы куәлігінің суретін көрсетіп, қызына қатысты «трансгендер» деген даудың нүктесін қойған-ды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама