Halyq Uni логотип
×

12 жасында босанған қызға қандай көмек көрсетіліп жатыр?

Отбасыға кәсіпкерлер мен меценаттар қолдау көрсетуде

 Дәурен Ерболат 07.08.2024 | 17:30
12 жасында босанған қызға қандай көмек көрсетіліп жатыр?
Фото: instagram.com/rupr.pvlshakeneva

Павлодар әкімдігінің кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияда 12 жаста босанған қыздың мәселесі қаралды. Бұл туралы Бала құқығы жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенева айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, қазір жас ана мен нәресте облыстық перинаталдық орталықта. Олардың жағдайын дәрігерлер бақылап отыр.

Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актіге сәйкес қиын жағдайға тап болған ана баласын 12 айға дейін сәбилер үйінде қалдыра алады. Ата-ана ретінде оның құқығына шектеу қойылмайды. Алайда қыздың заңды өкілдері бұдан бас тартып, мәселені өздері шеше алатынын айтты, - деп жазды Сәуле Шәкенева Instagram-дағы парақшасында.

Сондай-ақ қиын жағдайға тап болған отбасыға кәсіпкерлер, меценаттар мен моңғолиялық қандастар көмектесіп жатыр.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың шешімімен отбасыға басқа ауылдан үй берілді. Меценаттар үйге қажет барлық затты алып берген: жиһаз, тұрмыстық техника, ыдыс-аяқ, төсек-орын және тағы басқа.

Pavlodarnews.kz порталының хабарлауынша, жаңа туған нәрестеге Томирис деген есім берілген.

Еске салайық, бұған дейін елімізде 12 жастағы қыздың босанғаны хабарланған еді. Бұл жағдайға Балалардың құқығын қорғау комитеті түсінік берген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама