Ол 1,8 млрд теңгеден аса қаржысы
Ақтөбе облысында 200-ден астам үлескердің ақшасын жымқырған компания басшысына сот үкімі шықты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақтөбедегі «Алаш Орда-1» тұрғын үй кешені мен «AviatorPremium» тұрғын үй кешенінің құрылысын жүргізген компания басшысына алаяқтық жасағаны үшін 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол 200-ден астам үлескерлердің 1,8 млрд теңгеден астам қаржысын иемденген.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 8 жосықсыз құрылыс салушы үлескерлерден ақша тартуға рұқсатсыз пәтерлерді сатқаны үшін 6 млн теңгеден астам айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Айта кетсек, қазір 7 проблемалық үй бойынша 2 құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық істер сотта қаралып жатыр.