Halyq Uni логотип
×

200-ден астам үлескердің ақшасын жымқырған компания басшысына сот үкімі шықты

Ол 1,8 млрд теңгеден аса қаржысы

 Динара Амантай 07.08.2024 | 16:43
200-ден астам үлескердің ақшасын жымқырған компания басшысына сот үкімі шықты
Фото: Halyq Uni

Ақтөбе облысында 200-ден астам үлескердің ақшасын жымқырған компания басшысына сот үкімі шықты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақтөбедегі «Алаш Орда-1» тұрғын үй кешені мен «AviatorPremium» тұрғын үй кешенінің құрылысын жүргізген компания басшысына алаяқтық жасағаны үшін 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол 200-ден астам үлескерлердің 1,8 млрд теңгеден астам қаржысын иемденген.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 8 жосықсыз құрылыс салушы үлескерлерден ақша тартуға рұқсатсыз пәтерлерді сатқаны үшін 6 млн теңгеден астам айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Айта кетсек, қазір 7 проблемалық үй бойынша 2 құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық істер сотта қаралып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама