Halyq Uni логотип
×

ТЖМ-ның бұрынғы бірінші вице-министрі сотталды

Ол генерал-майор әскери атағынан айырылады

 Динара Амантай 07.08.2024 | 16:00
ТЖМ-ның бұрынғы бірінші вице-министрі сотталды
Фото: gov.kz

Ақмола гарнизонының әскери соты Төтенше жағдайлар жөніндегі бұрынғы бірінші вице-министр Ибрагим Күлшімбаевқа қатысты үкімді жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Антикордың мәліметінше, ол өзінің жеке үйін салу үшін әскери қызметшілер мен арнайы техниканы тарту жөнінде ведомстволық бағынысты мекемелердің басшылығына заңсыз нұсқаулар берген. Осылайша, билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, – делінген СЖҚА хабарламасында.

Бұған қоса, сот президенттің атына Күлшімбаевты генерал-майор әскери атағынан айыру туралы ұсыныс енгізуге қаулы шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама