26 мектеп және колледж директоры мемлекет қаржысын жымқырған

Дәурен Ерболат

Агенттік істерді тергеп жатыр

Фото: Halyq Uni

Бүгінде 26 мектеп және колледж директоры мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Антикордың мәліметінше, 2023 жылдың басынан бері салада 247 қылмыстық іс тіркелген. Тексеріс барысында мемлекетке 15,5 млрд теңге шығын келгені анықталды.

Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласында жымқырудың ең үлкен сомасы анықталды. Қылмыс жасаған 327 адамның әрекеті әшкереленді. Оның ішінде 154 адам сотталды, - деді Данияр Бекайдаров.

Оның айтуынша, олардың арасында 86 бухгалтер, мектепке дейінгі мекеменің 17 басшысы, 13 мектеп және колледж директоры, 4 білім бөлімінің басшысы бар.

Қазір 195 бухгалтер, 26 мектеп және колледж директоры, мектепке дейінгі мекеменің 21 басшысы, 17 білім бөлімінің басшысы, 17 кәсіпкердің үстінен тергеу жүргізіліп жатыр. Олар күдікті деп танылған, - деді ресми өкіл.