Ол грек-рим күресінен өнер көрсетеді
Еліміздің балуаны Нұрсұлтан Тұрсынов Олимпиаданың ширек финалына шықты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Грек-рим күресінен Ұлттық құрама спортшысы Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) Париж Олимпиадасының 1/8 кезеңінде Мохамед Мұстафа Метваллиді таза ұтты, деп мәлімдеді Туризм және спорт министрлігі.
Енді ширек финалда тәжірибелі отандасымыз Жан Беленюк (Украина) немесе қытайлық спортшымен сынға түседі, – деп толықтырды ведомство.
Нұрсұлтан Тұрсынов – Азия чемпионы және 2 дүркін күміс жүлдегері.