×

Қазақстандық балуан Олимпиаданың келесі кезеңіне өтті

Ол грек-рим күресінен өнер көрсетеді

 Қымбат Елтайқызы 07.08.2024 | 15:35
фото: Туризм және спорт министрлігі

Еліміздің балуаны Нұрсұлтан Тұрсынов Олимпиаданың ширек финалына шықты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Грек-рим күресінен Ұлттық құрама спортшысы Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) Париж Олимпиадасының 1/8 кезеңінде Мохамед Мұстафа Метваллиді таза ұтты, деп мәлімдеді Туризм және спорт министрлігі.

Енді ширек финалда тәжірибелі отандасымыз Жан Беленюк (Украина) немесе қытайлық спортшымен сынға түседі, – деп толықтырды ведомство.

Нұрсұлтан Тұрсынов – Азия чемпионы және 2 дүркін күміс жүлдегері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама