Halyq Uni логотип
×

Жетісу облысында 7 жаңа су қоймасы салынады

Өңірлік шаруалармен каналдар арқылы су беруге 8 мыңға жуық келісімшарт жасалды

 Динара Амантай 07.08.2024 | 16:23
Жетісу облысында 7 жаңа су қоймасы салынады
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі

Жетісу облысының 5 ауданында 7 жаңа су қоймасы салынады. Бұл туралы жергілікті «Қазсушар» филиалының директоры Саят Құдайбергенов мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оның айтуынша, Ақсу ауданында Бүйен өзенінде 22 млн текше метр су жинай алатын қойма салу жоспарланған. Ал, Ескелді ауданында қуаты 5 млн текше метр болатын «Балықты» су қоймасы салынады. Панфилов ауданында Қорғас, Өсек және Тышқан өзендерінде жалпы көлемі 35 млн текше метр болатын үш су қоймасын салу жоспарланып отыр. Алакөл ауданында Жаманты өзенінде 5 млн текше метр су жинайтын, ал Көксу ауданындағы Быжы өзенінде жалпы көлемі 15 млн текше метр болатын су қоймасы салынады.

Бүгінде филиал облыс шаруаларымен каналдар арқылы су беруге 7940 келісімшарт жасасты. Дихандарға 622,4 млн текше метр су берілді, 105 мың гектар егіс алқабы суарылды. 163 шақырымнан астам канал механикалық әдіспен тазаланды, 14 гидротехникалық нысан мен 10 гидробекет жөнделді. Жетісу облысында суару кезеңі кестеге сай өтіп жатыр, – деді Саят Құдайбергенов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама