Үлкен Алматы шатқалында ер адам қаза тапты

Динара Амантай

Қарт турист тауға жалғыз шыққан

Фото: РЖҚЖ баспасөз қызметі

Үлкен Алматы шатқалының тауларында 66 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Halyq Uni.

ТЖМ «Республикалық жедел-құтқару жасағы» ММ мәліметінше, 1958 жылы туған ер адам тауға жалғыз шыққан. Кейін келіскен уақытта байланысқа шықпағандықтан, туыстары құтқарушыларды шақырған.

Құтқарушылар ер адамның мәйітін Үлкен Алматы көлінен төмен орналасқан төбелерден тауып, ашық алаңға түсіргеннен кейін полиция қызметкерлеріне тапсырды, – делінген хабарламада.

ТЖМ таудағы қауіпсіздік шараларын еске салды:

  1. Жалғыз жүрмеңіз. Егде жастағы адамдарға қолдау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін топпен тауға баруға кеңес беріледі.
  2. Жеңіл маршруттарды таңдаңыз. Белгісіз жердерге бармаңыз және ауа-райы болжамын қадағалаңыз. Жоспарларыңыз туралы біреуге хабарлаңыз.
  3. Биіктікке бейімделу үшін біртіндеп көтеріліңіз.
  4. Жиі үзіліс жасаңыз, жеткілікті су ішіңіз, дәрі-дәрмектер мен алғашқы көмек жинағын алып жүріңіз.
  5. Рельефте жақсы ұстайтын ыңғайлы аяқ киім киіңіз, ауа-рауы бойынша киініңіз және треккинг таяқшаларын қолданыңыз.
  6. Картаны және компасты немесе GPS-ті алып жүріңіз.
  7. Жергілікті жабайы табиғат жһнінде алдын ала ақпарат алып, онда болу қағидаларын ұстаныңыз.