Қазақстандық оқушылар халықаралық чемпионатта жоғары марапат алды

Қымбат Елтайқызы

Олардың ерекше жобасы қазылардың көңілінен шықты

фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстандық оқушылар Гонконгтегі робототехника чемпионатынан жоғары марапатпен оралды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Гонконгтегі FIRST Asia Championship халықаралық чемпионаты аяқталды. Оған 45 ел мен 210 команда қатысты. Елімізді LEAS мектебінің Aldebara Алматы командасының өкілдері Аркен Амангелді, Искандер Гильмундинов, Арлан Жақсыбергенов, Марк Ульянов, Мартин Васильев, Сабина Абылай таныстырды. Жаттықтырушылары – Рамина Сабирова және Балғын Исақожа, деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігі.

Оқушылар ғылыми жобасын өнердегі жаңашылдық тақырыбы бойынша ұсынды. Жоба музейлер, көрмелер мен инсталляцияларда ыңғайлы және қарапайым қозғалыс үшін жасалған шынайы көрініс беретін қосымша мүмкіндігі бар навигатор ретінде таныстырылды. Қазақстандық инженерлердің жобасы халықаралық қазылар алқасының оң бағасына ие болып, беделді Team Model Award сыйлығын алып келді, – деп қосты ведомство.

Айта кетсек, команда халықаралық чемпионатқа Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен USTEM Foundation қоғамдық қоры мен «Дарын» РҒПО ұйымдастырған Central Asia FIRST Championship Орталық Азия чемпионатында жолдама алды.