Елордалық әуежайда жоспардан тыс тексеру өтеді

Динара Амантай

Соңғы уақытта ұшақтардың зақымдалуы жиілеген

Фото: Halyq Uni

Астана әуежайында жоспардан тыс тексеру өтеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

 Көлік министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі соңғы уақытта әуе кемелеріне келтірілген залал оқиғаларының жиі болуына байланысты елордалық әуежайда жоспардан тыс инспекциясын өткізеді, – делінген министрлік хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Air Astana елордалық халықаралық аэропортта FlyArystan ұшақтарының біріне зақым келтірілгенін мәлімдеген болатын. Отандық әуе компания рейстердің уақтылы орындалмауына Астана әуежайының қызметінде ұқыптылықтың жоқтығы себеп болып отыр деп айыптады.