Halyq Uni логотип
×

Қырғызстанмен шекарадағы гидробекеттерді бақылау күшейтіледі

Су шаруашылығы комиссиясының отырысы өтті

 Динара Амантай 07.08.2024 | 13:03
Қырғызстанмен шекарадағы гидробекеттерді бақылау күшейтіледі
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров басқарған қазақстандық делегация Қырғызстанда өткен Шу-Талас су шаруашылығы комиссиясының 34-ші отырысына қатысты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Тараптар биылғы су шаруашылығы жағдайын және осыған дейін бекітілген су беру кестесін сақтау мәселесін талқылады. Сондай-ақ, су шаруашылығы нысандарындағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары туралы есеппен танысты.

Бұған қоса, су бөлу қондырғыларын автоматтандыру және Аспара өзені мен Чумыш гидроторабында бірлескен өлшеу жұмыстарын жүргізу, Талас өзеніндегі «Жасөркен» гидробекетінде гидрологиялық бақылауларды қалпына келтіру және басқа да су шаруашылығы мәселелері қаралды.

Сәуірден бастап бүгінге дейін Қырғызстаннан бекітілген кестеге сәйкес су келіп жатыр. Қырғыз әріптестерімен бірлесіп, Аспара трансшекаралық өзені мен Чумыш су торабында су бөлуді бақылауды күшейту жұмысы жалғасады, – деді Нұрлан Алдамжаров.

Комиссияның келесі отырысы 2024 жылдың 4-тоқсанында Астанада өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама