Halyq Uni логотип
×

Отандық әуе компания Астана әуежайын айыптады

Халықаралық аэропортта FlyArystan ұшақтарының біріне зақым келтірілген

 Динара Амантай 07.08.2024 | 11:56
Отандық әуе компания Астана әуежайын айыптады
Фото: Halyq Uni

Қазақстандық әуе компания рейстердің уақтылы орындалмауына Астана әуежайының қызметінде ұқыптылықтың жоқтығы себеп болып отыр деп айыптады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Air Astana компаниялар тобының мәлімдеуінше, 5 тамызда Астана әуежайының операторы FlyArystan ұшақтарының біріне зақым келтірген. Соның салдарынан ұшақ бірнеше күн бойы мәжбүрлі тұраққа қойылған. Нақты айтқанда, әуежай қызметкерлері баспалдақтарды дұрыс қолданбауының кесірінен ұшақтың артқы кіреберіс есігі зақымданған.

Әуе компаниясы ұшақты жөндеу құны айтарлықтай болатынын, дегенмен басты мәселе – оқиғаның әуе рейстерінің кестесіне, олардың орындалуына кері әсер ететінін жеткізді. Компаниялар тобы күтпеген келеңсіздікке өкініш білдіріп, жаз маусымы басталғалы бері Астана әуежайында ұқыптылықтың жоқтығы салдарынан түрлі операциялық қиындықтармен жиі кездесетін мәлімдеді.

Air Astana Астана халықаралық әуежайын рейстердің уақтылы орындалуына кері әсер ететін факторларды жою үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырады. Жолаушыларға сапалы қызмет көрсету үшін әуе компаниясы осы мәселелер бойынша сындарлы ынтымақтастыққа үміттенеді, – делінген Air Astana хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама