Ұйым басшыларымен бірге жасөспірімдердің ата-аналары да жауапқа тартылды
Маңғыстау облысында балаларға заңсыз діни ілім берген панисонаттар жабылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, Жаңаөзенде, Мұнайлы, Қарақия және Түпқараған аудандарында балаларға арналған пансионат түріндегі 5 қайырымдылық мекемесі жұмыс істеген. Алайда, іс жүзінде мекемелердің қызметі олардың жарғылық мақсаттарына қайшы болған. Барлық мекемелерде тәрбиеленушілер діни әдебиеттерді пайдаланған. Бұл ретте қайырымдылық мекемелерінің білім беру қызметімен айналысуға лицензиялары болмаған.
Тексеру нәтижесінде еңбек, санитарлық-эпидемиологиялық және өрт сөндіру заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін пансионаттар басшылығына қатысты 11 әкімшілік хаттама толтырылып, 1,3 млн теңге айыппұл салынды. Балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн олардың ата-аналары да әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Қазір прокурорлардың талап-арыздары бойынша сотпен барлық көрсетілген пансионаттардың тіркеу күші жойылып, қызметтері тоқтатылды.