×

Астанада жеңгетайлықпен айналысқан әйелдер сотталды

Олар сотта кінәсін мойындамады

 Динара Амантай 07.08.2024 | 09:40
Фото: Halyq Uni

Кеше Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырған екі әйелге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сотта анықталғандай, айыпталушылар 2019 жылғы желтоқсан мен 2023 жылғы маусым аралығында алдын ала сөз байласып, жезөкшелер притонын ұйымдастырған, сондай-ақ пайда табу мақсатында жеңгетайлықпен айналысқан.

Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамалары мен мамандардың қорытындыларымен, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша басқа да материалдарымен дәлелденді. Алайда әйелдер өз кінәсін мойындамады.

Сотталушылардың асырауында кәмелетке толмаған балалардың болуын ескеріп, сот Б. және О. ҚК 309-бабы 2-бөлігінің 1) тармағында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танып, әрқайсысына 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталушы Б.-ның мүлкі тәркіленді, – делінген сот хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама