Halyq Uni логотип
×

ІІМ автобустардың жылдамдығына қатысты талаптарды түсіндірді

Биыл қоғамдық көліктердің қатысумен болған жол апаттарында 25 адам қаза тапты

 Динара Амантай 07.08.2024 | 09:21
ІІМ автобустардың жылдамдығына қатысты талаптарды түсіндірді
Фото: Halyq Uni

ІІМ елді мекендердегі қоғамдық көліктердің жылдамдығына қатысты талаптарды түсіндірді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Министрліктің мәліметінше, биыл 6 мамырдан бастап жолда жүру қағидаларына елді мекендердегі автобустардың жылдамдығын төмендетуге қатысты енгізілген түзетулер күшіне енген.

Республика бойынша автобустардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының саны 56%-ға өскен. Тек биылдың өзінде автобустардың қатысуымен болған жол апаттарында 25 адам қаза тауып, 445 адам түрлі жарақат алды. Автобустар көлемінің үлкендігі мен жолаушылардың көп шоғырлануына байланысты басқа көліктермен салыстырғанда қауіптірек. Олардың жоғары жылдамдықпен жүруі ауыр зардапты жол апаттарына әкеп соғады. Сондықтан оларға қатысты елді мекендерде жылдамдығы 50 км/сағат болуы керек деген шектеу шаралары қабылданды, – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Аталмыш бұйрық 2023 жылғы 30 қараша мен 14 желтоқсан аралығында «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Ашық талқылау кезінде бұйрық жобасы бойынша 100-ге жуық ұсыныс түсіп, олар министрлік тарапынан ескерілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама