Теннис федерациясы Путинцеваның Торонтодағы турнирге қатыспайтынын мәлімдеді
Юлия бұрын алған жарақатына байланысты Торонтода ойнай алмайды
Қазақстан теннис федерациясы еліміздің екінші ракеткасы Юлия Путинцеваның Торонтодағы WTA-1000 турниріне қатыспайтыны туралы ресми түрде хабарлады.
Бірнеше ақпарат көздерінде тараған жалған ақпаратқа байланысты федерация Путинцеваның Торонтодағы турнирге қатыспайтынын ресми түрде растайды. WTA талаптарына сәйкес, барлық жетекші теннисшілер осы деңгейдегі турнирлерге олардың басталуынан бірнеше ай бұрын автоматты түрде тіркеледі. Юлия бұрын алған жарақатына байланысты Торонтода ойнай алмайды. Оның командасы ұйымдастырушыларға турнирден шығу туралы ресми өтініш жолдады, алайда турнир жүйесіндегі ақпарат біраз уақыттан кейін ғана жаңартылады.
Қазақстан теннис федерациясы сауалдарға әрқашан ашық екенін атап өтіп, БАҚ өкілдерін жалған деректерді пайдаланбауға және сұрақтарға ресми жауаптарды алу үшін ҚТФ-ға хабарласуға шақырады.