Halyq Uni логотип
×

Пхукетке демалуға барған қазақстандық көз жұмды

Марқұм Пхукетке ұшып келе салысымен бірден шомылып, суға батып кеткен

 Халық үні 06.08.2024 | 22:40
Пхукетке демалуға барған қазақстандық көз жұмды
фото: novostiphuketa.asia

Қазақстан азаматы Пхукет аралында суға батып мерт болды. Бұл ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды Halyq Uni Kazinform-ға сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 31 шілде күні Карон жағажайында болған. Пхукетке ұшып келе салысымен бірден шомылмақ болған 57 жастағы Қазақстан азаматы суға батып кеткен.

Оқиға жайлы хабарлама Карон полиция учаскесіне сағат 14-20-да жедел жәрдем орталығынан келіп түскен. Қазақстандық турист Евгений Сапогов (57 жаста) орналасқаннан кейін бірден қонақүй алдында теңізге батып кетті. Ер адам Пхукетке ұшып келгеннен кейін 60 күнге мөртаңба алған. Бірақ, бір күн қонбастан мерт болды, - деп жазады «Пхукет жаңалықтары».

Серіктес жаңалықтары

Сараптама