Ақтөбе облысында балабақша қызметкерлеріне үстемақы заңсыз төленген

Динара Амантай

Кінәлілер жауапқа тартылды

Фото: Halyq Uni

Ақтөбе облысында балабақша қызметкерлеріне үстемақы заңсыз төленген, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, 2022-2024 жылдар аралығында Хромтау және Ойыл аудандарындағы балабақша қызметкерлерінің жалақысына қосымша ақылар есептелгені анықталған. Тексеру барысында Хромтау қаласындағы балабақшалардың бірінде 19 қызметкер тәртіптік жазаға тартылған болса да, 500 мың теңгеден астам сыйақы алған.

36 қызметкерге 250 мың теңгеден 450 мың теңгеге дейін, ал қалған 47 қызметкерге 50 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін екі айлық еңбекақы төленіп, әртүрлі мөлшердегі үстемеақылардың төленген. Ал, 39 қызметкер ешқандай тәртіптік жазасы болмаса да, ұзақ уақыт бойы талап етілетін жалақысына үстемақы алмағаны анықталды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сондай-ақ, Ойыл ауданында 33 қызметкерге артық жұмыс істегені үшін жалпы көлемі 3 миллион теңгеден аса үстемақы төленбеген болып шықты.

Прокурорлық қадағалау шараларының негізінде аталған жұмысшылардың құқығы қалпына келтіріліп, кінәлі лауазымды азаматтар әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – делінген хабарламада.