Қазақстандық спортшы Олимпиада рекордын жаңартты
Ол спорттық құзға өрмелеуден ширек финалға өтті
Қазақстандық спортшы Әмір Маймұратов Олимпиада ойындарының рекордын жаңартты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ол құзға өрмелеуде өнер көрсетті. Іріктеу сайысында Маймұратов 4,89 секунд нәтиже көрсетіп, Париж Олимпиадасы ойындарының рекордын жаңартты, – деп мәлімдеді Туризм және спорт министрлігі.
Әмір – осы бағдарламада Олимпиадаға қатысатын Қазақстан құрамасының жалғыз спортшысы. Ол cоңғы өткен әлем чемпионатында 27-ші, Азия ойындарында жетінші орынға ие болған еді.