Өңірдегі зерттеулер жылдың соңына дейін жалғасады
ШҚО-да археологтар қола монета, жебе ұштары, былғары және жібек сияқты көне заттарды тапты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Катонқарағай және Үлкен Нарын аудандарында «Берел» мемлекеттік тарихи- мәдени қорық мұражайы ұйымдастырған археологиялық жұмыстар басталған. Жобаға қазақстандық ЖОО-лардың ғалымдары, студенттері мен ғылыми жетекшілері қатысады.
«Қазақ Алтайының ежелгі және орта ғасырларының тарихи-мәдени мұрасы» жобасы аясында археологтар ауқымды зерттеулер жүргізіп, қазақтардың жерленуін, қоныстарын, бекіністері мен қыстауларын қоса алғанда, бұрын белгісіз болған 20-ға жуық ескерткішті тапты.
Қазір қола дәуірінен бастап этнографиялық қазіргі заманға дейінгі әртүрлі дәуірлерге жататын 14 ескерткіш қазылды. Табылған заттардың ішінде металлургиялық пункті бар ерте темір дәуірінің қонысы, XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ қыстауы және 12 жерлеу орны бар. Археологтар сондай-ақ ерте сақ және көне түркі жылқы жабдықтары, қыш ыдыстар, пазырық мәдениетінің әшекейлері, ежелгі түркі дәуіріндегі белдік ілмек, қимақ кезеңіндегі қола төсемдер және монеталар сияқты әртүрлі артефактілерді тапты, – делінген министрлік хабарламасында.
Қазба жұмыстарынан басқа, аймақтың тарихи-мәдени мұрасын қорғау және насихаттау үшін жергілікті тұрғындарымен бірге билік органдары жұмыс жүргізіп жатыр. Археологиялық зерттеулер 2024 жылдың соңына дейін жалғасады.