Отандасымыз қарсыласын төрттағаннан көтеріп алып, айналдыра лақтырды
Грек-рим күресінен Ұлттық құрама балуаны (77 кг) Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының ширек финалында Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Ақжол Махмұдовты жықты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Есеп: 3-1. Финал жолдамасын Демеу Әзербайжан өкілі Санан Сулейманов немесе Золтан Леваи (Мажарстан), екеуінің біреуімен сарапқа салады, – деп мәлімдеді Туризм және спорт министрлігі.
Отандасымыз қырғызстандық қарсыласын төрттағаннан көтеріп алып, айналдыра лақтырды.