Көлік министрлігінде Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы бойынша жиналыс өтті
Мамандар көлік инфрақұрылымын Қытайдың Қазақстандағы туризм жылына дайындайды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бүгін Көлік министрінің төрағалығымен индустрия және туризм комитеті, өңір әкімдері, Kazakh Tourism, ҚТЖ, Қазавтожол, әуежайлар, әуе компаниялары және теміржол вокзалдары басшыларының қатысуымен 2025 жылы болатын Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы бойынша жиналыс өтті.
Индустрия және туризм комитетінің төрағасының айтуынша, былтыр Қытайдан келген туристердің саны 367 мың адамға жеткен. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21 есе көп.
Сонымен қатар ол туризм саласындағы жоспарланған іс-шаралар туралы баяндады. Бұл ретте көлік инфрақұрылымының маңыздылығы атап өтілді.
Жиын қорытындысы бойынша министр құзырлы ведомстволарға келесі жылға дайындықты бастауды тапсырды.
Атап айтқанда: