×

Бірнеше қазақстандық спортшы Олимпиаданың келесі кезеңіне өтті

Әртүрлі спорт түрінің өкілдері алдағы уақытта бақ сынайды

 Қымбат Елтайқызы 06.08.2024 | 15:50
фото: olympic.kz/Владислав Семенов

Париж Олимпиадасында екілік каноэден 500 метрге жарысудан әйелдер арасындағы іріктеу кезеңі аяқталды. Бұл спорт түрінен Қазақстан атынан Мария Бровкова мен Руфина Искакова сынға түсті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Спортшылар өз тобында бесінші орын алып, ширек финалға жолдама алды. Ал алғашқы екі орында иеленген экипаж бірден жартылай финалға жолдама алады, деп мәлімдеді Olympic.kz.

Ал ерлер арасындағы бәсекеде қазақстандықтар Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов сынға түсті. Олар да өз тобында бесінші орын алып, ширек финалға жолдама алды. 

Сонымен қатар Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Демеу Жадыраев Олимпиаданың ширек финалына шықты, – делінген ақпаратта.

Қазақстандық балуан 77 келі салмақта белдесіп, бірінші айналымда колумбиялық Алексис Муньестен басым түсті. Есеп - 9:0.

Енді Жадыраев ширек финалда айқасады. Демеудің ендігі қарсыласы – қырғызстандық Ақжол Махмұдов. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама