Алматыда басқарма басшысы жауапқа тартылды

Динара Амантай

Ол кәсіпкердің қызметіне кедергі келтірген

Фото: Halyq Uni

Алматыда кәсіпкердің қызметіне заңсыз араласқан басқарма басшысы жауапқа тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қала прокуратурасының мәліметіне сәйкес, бизнес өкілінің арызы бойынша Түркісіб ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы кәсіпкерді рұқсат құжаттарынан айыру туралы заңсыз бұйрық шығарған.

Қадағалау актісі бойынша аталған бұйрықтың күші жойылып, басқарма басшысы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабы бойынша жауаптылыққа тартылды, – делінген прокуратура хабарламасында.