×

Елімізде мектеп сыртындағы дәретханалардың саны айтарлықтай азайған

Бұған дейін олардың саны 3 мыңдай болған

 Дәурен Ерболат 06.08.2024 | 13:31
Фото: Halyq Uni

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстанда мектеп сыртындағы дәретханалардың саны айтарлықтай азайғанын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

3 жыл бұрын мектеп сыртында орналасқан шамамен 3 мың дәретхана болды. Біздің мәліметімізше, бүгінде осындай 10 дәретхана бар. Олар шалғай ауылдарда орналасқан. Онда коммуникация, су құбыры және инфрақұрылым тартылмаған. Қазір бұл мәселені нақты басқа әдістермен қалай шешуге болатынын ойластырып жатырмыз, - деді Ғани Бейсембаев Үкіметтің баспасөз орталығында.

Министр мәселені шешу үшін жергілікті әкімдіктермен ақылдасып жатқанын жеткізді.

Елімізде жұмыс істеп тұрған жылы дәретханалар мен мектеп сыртында орналасқан дәретханалар да бар. Мұны жасырмаймын. Жерлікті атқарушы орган бұл дәретханалар сақтық үшін керек деп санайды. Себебі, олар бұзылып қалуы немесе жөндеуді талап етуі мүмкін. Бірақ біз бұл мәселені олармен (жергілікті атқарушы билікпен) ақылдасып жатырмыз. Алайда аталған мәселе балаларымызға қауіп төндірмейді, - деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама