Министр мектептерде өтетін салтанатты шара туралы айтты
Биыл 1 қыркүйек жексенбіге сәйкес келсе де, мектептерде алғашқы қоңырау салтанатты іс-шарасы өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
1 қыркүйек Білім күні болып саналады. Осыған байланысты биыл жылдағыдай (мектептерде) алғашқы қоңырау салтанатты іс-шарасы ұйымдастырылады, - деді министр Үкіметтің баспасөз орталығында.
Айта кетейік, бұған дейін министр биыл тегін тамақтанатын оқушылардың саны артатынын айтқан еді. Ведомство тегін тамақтанатын оқушылардың санын 100 мыңға ұлғайтып, 1,7 млн-ға жеткізуді жоспарлап отыр.