Halyq Uni логотип
×

1 қыркүйек - жексенбі: Биыл алғашқы қоңырау соғыла ма?

Министр мектептерде өтетін салтанатты шара туралы айтты

 Дәурен Ерболат 06.08.2024 | 13:00
1 қыркүйек - жексенбі: Биыл алғашқы қоңырау соғыла ма?
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Биыл 1 қыркүйек жексенбіге сәйкес келсе де, мектептерде алғашқы қоңырау салтанатты іс-шарасы өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

1 қыркүйек Білім күні болып саналады. Осыған байланысты биыл жылдағыдай (мектептерде) алғашқы қоңырау салтанатты іс-шарасы ұйымдастырылады, - деді министр Үкіметтің баспасөз орталығында.

Айта кетейік, бұған дейін министр биыл тегін тамақтанатын оқушылардың саны артатынын айтқан еді. Ведомство тегін тамақтанатын оқушылардың санын 100 мыңға ұлғайтып, 1,7 млн-ға жеткізуді жоспарлап отыр. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама