Атырау облысында 38 млн теңгенің мүлкін жеке меншікке заңсыз берген әкім жазаланды
Прокуратура оның есепшісін де жауапқа тартты
Махамбет ауданының прокуратурасымен 3ү млн теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Облыс прокуратурасының мәліметінше, Бейбарыс ауылдық округінің әкімі понтонға орнатылған су насосы стансасын «Первомайский» ЖШС-ға тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға берген. Кәсіпкер понтондық стансаны мемлекетке залал келтіре отырып пайдаланғаны анықталды.
Аудан әкіміне заңбұзушылықты жою туралы ұсыным беріліп, мүлік мемлекетке қайтарылды.
Ауылдық округ әкімі мен есепшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.