×

Тасқыннан зардап шеккен өңірлердің түлектеріне 5 мыңнан астам грант бөлінді

Оларға ең жақсы ҰБТ нәтижесі бар сертификатын ұсыну мүмкіндігі берілді

 Динара Амантай 06.08.2024 | 13:13
Фото: Мейірбек Тажқұранов

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің түлектеріне 5 мыңнан астам грант бөлінді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді,  деп хабарлайды Halyq Uni.

Министрдің айтуынша, су басқан облыстардан 20 мыңнан аса түлектің жартысынан көбі жалпы конкурс бойынша өткен.

Зардап шеккен өңірлерден талапкерлер үшін 5 мың 112 грант бөлінді. Бұл аймақтарды қолдау үшін талапкерлерге дайындалу және конкурсқа құжаттарын тапсыру үшін мерзімі ұзартылды. Сондай-ақ, конкурсқа ең жақсы ҰБТ нәтижесі бар сертификатын ұсыну мүмкіндігі берілді, – деді Саясат Нұрбек.

Еске сала кетсек, бұған дейін биыл талапкерлер арасында қандай мамандықтарға сұраныс жоғары болғандығы хабарланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама